Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Қызылордада есірткі сатқан азамат сотталды
Жаңалықтар / Аймақтар / Қоғам 24 сәуір 2018 ж.
kyzylorda-news.kz

Қызылордада есірткі сатқан азамат сотталды

       Қызылорда қаласында ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі затын заңсыз сатқан 27 жастағы азаматты ұстады.
       Тінту барысында ұсталған азаматтың қалтасынан 2 дана газетке оралған ерекше иісі бар жасыл түсті шөпке ұқсас зат анықталып, алынды. Алынған заттарға сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша салмағы 6,07 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденген.
       Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша ұсталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (есірткі заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау) кінәлі деп танылып, сот үкімімен мүлкі тәркілене отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание