Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
Жаңалықтар / Қоғам / Хабарлама 24 сәуір 2018 ж.
polza-i-vred.ru

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

       24 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жауын жауады, тұман түседі, екпінді жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
       Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз 23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание