Қазақстан мен ҚХР Парламентшілері екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Жаңалықтар / Қоғам 24 сәуір 2018 ж.
inform.kz

Қазақстан мен ҚХР Парламентшілері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

       Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева бастаған делегация мүшелері Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ван Чэнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
       «Қытай мен Қазақстан - достас әрі шекаралас елдер және де өзара тиімді әріптестер. Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері 26 жыл бойы іскерлік байланыстар жоғары деңгейде жалғасып келеді.
       Екі мемлекет басшылары - ҚХР Төрағасы Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен елдер арасында екі жаққа да тиімді байланыстар негізінде жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық дамуда, ол жаңа деңгейге көтерілді», - деді кездесу барысында Ван Чэнь.
       Өз тарапынан Г. Исимбаева Ван Чэнді Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі сессиясының және Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының табысты өтуімен құтттықтады.
       Сондай-ақ ол 2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР Төрағасы Цзиньпин - 17 рет, екі елдің үкімет басшылары - 8 рет, парламент жетекшілері 2 рет кездескенін еске салды.
       «Биылғы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1, 7 мрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,3 процент жоғары»,- деді Г. Исимбаева.
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание