Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Кәсіпкерге кедергі келтірген мемлекеттік қызметкерлер жазаланды
Жаңалықтар / Аймақтар / Қоғам 26 сәуір 2018 ж.

Кәсіпкерге кедергі келтірген мемлекеттік қызметкерлер жазаланды

       Кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Руслан Баймаханов пен бас маман Шәкәрім Кизбаевқа тәртіптік жаза қолданылды.
       Естеріңізде болса, осы жылдың ақпан айында құқығы бұзылып, Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап келген кәсіпкер Аблан Асенов туралы айтқан болатынбыз. Кәсіпкер 2016 жылы Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентінен жалпы көлемі1 гектар және 0,13 гектар екі жер телімін алады. Алайда Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы сол жылдың қазан айында кәсіпкерге аталмыш жер телімін нысаналы мақсатында пайдалану туралы нұсқама беріп, ал 2017 жылы кәсіпкердің құжаттарын тексерместен, сырттай бақылау тәсілімен мақсатсыз пайдаланды деген қорытынды шығарып, Сырдария аудандық сотына берген.
       Кәсіпкердің өтінішіне сәйкес Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері іспен жан-жақты танысып, сотта кәсіпкердің құқығын қорғап қала алды. Қорғап қана қоймай, кәсіпкердің құқығы мен заңды мүддесін шектеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы Сырдария аудандық прокуратурасына ұсыныспен шыққан болатын.
       Аудан прокуроры-әділет кеңесшісі Асхат Тәженов өз кезегінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы қызметкерлерінің әрекетін негізсіз деп танып, аталмыш мемлекеттік орган басшылығына жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс береді. Алайда, басқарма прокуратураның ұсынысын негізсіз деп, қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартудан бас тартады. Басқарманың позициясымен келіспеген прокурор Асхат Тәженов облыстық Әдеп кеңесіне ұсыныс береді.
       Аудан прокурорының табандылығының арқасында сәуір айында Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ. Тоғызбаев аталмыш басқарманың бөлім басшысы Руслан Баймаханов пен бас маман-мемлекеттік инспектор Шәкәрім Кизбаевтың іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, яғни жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуына жол бергені үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданды.
       Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде қызметінде принципшілдік танытып, кәсіпкердің құқығын қалпына келтіруде әріптестік қолдау көрсеткені және заңсыз тексеру жүргізген кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілікке тартылуын қамтамасыз еткені үшін Сырдария ауданының прокурорына алғысын білдіреді.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание