Жемқорлықпен күрес – бүкіл Қазақстандық қоғамның басты міндеті
Жаңалықтар / Аймақтар / Қоғам 03 мамыр 2018 ж.

Жемқорлықпен күрес – бүкіл Қазақстандық қоғамның басты міндеті

       Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жиын өтті, деп хабарлайды «KYZYLORDA-NEWS.KZ». Оған Қызылорда облысы ТЖД басшысы О.Бержанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Б. Жандарбеков, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Б.Байқожаев, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен БАҚ өкілдері қатысты.
       Шара барысында Б.Жандарбеков ел ішіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының статистикасын және жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізудің арқасында Қазақстан осы бағытта көрсеткіштерді жақсартуда екендігін атап өтті.
       Б.Байкожаев Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы көрсетілген тоғызыншы бағытына толығырақ тоқталды.
       Іс-шара соңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне елімізде болған сыбайлас жемқорлық көріністерінің статистикасы мен қылмыстық, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке апарып соқтырған жеке жағдайлар туралы бейнеролик көрсетілді.
       Аталған кездесу қызметкерлерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда оң нәтиже береді деп санаймыз, сондықтан Қызылорда облысы ТЖД осыған ұқсас іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуді жоспарлауда.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание