Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Білім министрлігі білім беру мекемелерінің латын қарпіне көшу мерзімдерін бекітті
Жаңалықтар / Қоғам 05 мамыр 2018 ж.
Фото: © Sputnik

Білім министрлігі білім беру мекемелерінің латын қарпіне көшу мерзімдерін бекітті

       Нөлінші және 1-сыныптар латын қарпімен оқуды 2020 жылы бастайды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
       Биыл нөлінші сыныптарға арналған оқулықтар әзірленеді.
       Білім министрлігі бекіткен білім беру орындарының латынға ауысу мерзімдеріне тоқтала кетейік. Нөлінші және 1-сыныптар латын қарпімен оқуды 2020 жылы бастайды. Бастауыш сыныптар 2023 жылға дейін көшуі тиіс.  2024 5-9-сыныптар көшсе, 2025 жылы 10-11-сыныптар латынша оқымақ.
       Ал, 2020-2023 жылдар аралығында колледж студенттері латынша оқуға көшеді. Латын қарпімен оқу 2021 мен 2025 жылдар аралығында жоғары оқу орындарына енгізіледі. Сол себепті жыл сайын 9 мың мұғалім жаңа әліпбиді үйренеді.
Оқу мекемелері 2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіп бітуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание