Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Жұмыссыз жастар үшін қоғамдық қабылдаулар өткізілді
Жаңалықтар / Аймақтар / Қоғам 10 мамыр 2018 ж.

Жұмыссыз жастар үшін қоғамдық қабылдаулар өткізілді

       «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының облыстық штабы еңбек маусымының алдында жұмыссыз жастар үшін сауда орталықтарында қоғамдық қабылдаулар өткізді. 
       Шараның негізгі мақсаты 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген жастарды құрылыс нысандарына жұмысқа тарту кеңестер беру болып табылады. 
       «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының қатарына жұмыссыз жастарды тарту мақсатында «Жайна», «Асбол», «Отырар», «Қорқыт Ата» сауда орталықтарында қоғамдық қабылдаулар өткізіп, кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
       Шараға тұрғын үй құрылыс жинақ  банкі мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының мамандары қатыстырылды.
       Қоғамдық қабылдау өткізілуі кезінде қала тұрғындарының түрлі сауалдарына нақты жауаптар мен проблемаларының шешу жолдары көрсетіліп жұмыссыз жастардың өтінімдері қабылданды.
       Қазіргі таңда еңбек жасағының құрамында 30-дан астам жас жұмыс жасауда. Жыл соңына дейін жасақ сарбаздарының санын 300-ге жеткізу жоспарлануда.

Қосымша ақпаратты төмендегі байланыс 
құралдарынан ала аласыздар: 
8-702-569-69-00; 70-40-48
Гүлден 

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері
басқармасының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание