Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Сансызбай ұстаз Қазалы ауданында
Жаңалықтар / Аймақтар / Қоғам 10 мамыр 2018 ж.

Сансызбай ұстаз Қазалы ауданында

       Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Қазалы ауданына келді. 
       Елімізге танымал ұстазды алдымен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қабылдады. Қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы исламның рөлі жөнінде айтқан аудан басшысы ұстаздың қатысуымен ұйымдастырылатын кездесулердің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына кеңейтілген кездесу жиындарын өз деңгейінде үйлестіруді тапсырды. 
       Өз кезегінде Сансызбай ұстаз дін аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

       Сансызбай Шоқановтың алғашқы кездесуі бүгін білім саласының қызметкерлерімен өтпек. Сондай-ақ, аудан жастарымен, мешіт жамағатымен, денсаулық саласының қызметкерлерімен өтетін кездесулерде имани тәрбие, ұлттық құндылығымыз жайында насихаттар айтылатын болады. 
       Айта кетейік, Сансызбай ұстаздың Қазалы ауданындағы сапары 3 күнге жалғасады.


Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание