Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Атырауда қайғылы оқиға: Екі жасөспірім 15-қабаттан шахтаның лифтіне құлап кеткен
Жаңалықтар / Қоғам 22 мамыр 2018 ж.
Управление гражданской защиты Атырау

Атырауда қайғылы оқиға: Екі жасөспірім 15-қабаттан шахтаның лифтіне құлап кеткен

       21 мамырда кешкі уақытта Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында қайғылы жағдай болды. Екі жасөспірім абайсызда 15-қабаттан шахтаның жүк тасымалдайтын лифтіне түсіп кеткен. Бұл туралы Атыраудың Азаматтық қорғау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
       Төтенше жағдай №19 үйде болған. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза болған. Ал екінші жасөспірім, расталмаған мәліметтерге қарағанда, кейінірек облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.
       "Жүк тасымалдайтын бұл лифт жұмыс істемей тұрған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
       Instagram желісіндегі atyrau_video парақшасында жарияланған видеода оқиға болған жерге бірнеше жедел жәрдем мен полиция көліктерінің келгенін көруге болады.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание