Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Raim&Artur: «Самая вышка» – хит ән
Жаңалықтар / Сұхбат 23 мамыр 2018 ж.

Raim&Artur: «Самая вышка» – хит ән

«Самая вышка» – хит ән!
Raim&Artur:
 Сыр еліне қош келдіңіздер! Жалпы,Қызылордаға алғаш келулеріңіз бе? 200-ге келген қаладан қандай әсер алдыңыздар?
– Қош көрдік! Иә, алғаш келуіміз. Сыр алаштың анасы, Сыр елі жыр елі деген тәмсілге сай қаланы көрдік. Байқасақ, Елордаға қарап, бой түзеген сұлу шаһар екен. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Қала халқының жүзі жылы, қонақжайлығына тәнті болдық. Өнерді жоғары қоятынына шығармашылық концертімізде айқын аңғардық. 
– Қазақ өнеріне енді ғана аяқ басып келесіздер ғой...
– Жастар арасында кең тараған рэп жанырында ән айтып жүргенімізге 6 жыл болыпты. Жанымдағы әріптесім Артур да ән әлеміне 2012 жылы келген. Бірақ ол кезде бір-бірімізді танымайтын едік. 2017 жылы студияда ән жаздырып жүріп, Артурмен танысып, өнерге жаңа атпен жол тарттық.
– Болашаққа қандай жоспар бар?
– Ең бірінші жоспар жаңа әндер жаздырып, альбом шығару. Әннің танымалдылығын арттыру үшін бейнебаян түсіруді де қолға аламыз.
– "Самая вышка" әні бүгінде xит әндердің біріне айналды. Сонымен қатар, сіздерге де біршама мүмкіндіктер әкелді. Танымал болған қалай екен?
– Рас, бұл әніміз біз үшін үлкен олжа болды. Осы әнмен халықтың жүрегінен жол таптық деуге де болатын шығар. Жалпы, тобымызды осы ән арқылы жақсы таныды. Енді тек бұл әнмен шектелмей тағы хит өлеңдерді жарыққа шығаруға жұмыс істейміз. Жұмыс барысында танымалдылықты "шетке" ысырып қойған дұрыс.
– Бұдан бөлек репертуарда қандай әндер бар? болашақта қай жанрдағы әндермен толығуы мүмкін?
– Репертуарда 6 ән бар. Оның ішінен "Самая вышкадан" бөлек "Полетаем" әні де сұранысқа ие болып тұр. Әрине, бұл еңбектің жемісі. Ән айтудағы стильміз тұрақты болғанымен жанрлық жағы өзгеріске ұшырайды. Сол себепті нақты бір жанрда ән айтқан дұрыс деп ойлаймыз.
– Өздеріңізді 10 жылдан кейін қалай елестетесіздер?
– Болашақты болжау мейлінше дұрыс емес. Алда не болсада соған төзуге дайынбыз. Кім білсін 10 жылдан кейін өнердеен кетіп қалуымыз да бек мүмкін. Сондықтан алдымызды кесіп айту қиын.
– Адам екіге бөлінеді. Бірі бір күндік өмірін ойласа, енді бірі келешек бір жылына жоспар құрады. Сіздер қайсысына жатасыздар?
– Он жылдап жоспар құрмасақ та, бір жылдық жоспар бар. Нарықтық заманда жоспарсыз жүру қиын. Халқымыз «үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деп бекер айтпаса керек.

Сұқбаттасқан:
Аида БАТУХАН
«Ақмешіт жастары» газеті

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание