Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Заңсыз ойынхана ісі үшін миллион теңге пара ұсынған
Жаңалықтар / Аймақтар / Қызылорда қаласы 29 мамыр 2018 ж.

Заңсыз ойынхана ісі үшін миллион теңге пара ұсынған

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы миллион теңге пара ұсыну барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен (өзге адамдармен алдын-ала сөз байласу арқылы ойын мекемесін заңсыз ашып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру) қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы азаматты ұстады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің жедел-іздестіру шаралары кезінде Қызылорда қаласындағы сауналардың бірінде заңсыз «Казино» анықталған болатын. Қаралған қылмыстық іс барысында анықталғандай, азамат покер үстелі орналасқан, фишкалары, ойын картасы және ойыншылары бар ойынхананы бұған дейін де бильярд клубында ұйымдастырған болып шықты. «Көшпелі» ойынхана иесі екі жерде де бөлмені жалға алып, құмар ойын ойнаушыларды жинап, «Покер» ойынын заңсыз ұйымдастырып,пайда тапқан.
Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуі кезінде тергеушіге өзін қылмыстық іске араластырмас үшін 1 миллион теңге пара ұсынған күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 367 бабы 2-бөлігімен (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаға айтарлықтай мөлшерде пара беру) жауапкершілікке тартылды.
Ақырында, сот үкімі азаматты екі жылға бас бостандығын шектеді. Сонымен қатар, 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа тартуға, өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет жасау құқығынан айыруға кесім жасады.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание