Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Шиеліде жұмыс берушілер 47 бос жұмыс орнын ұсынды
Жаңалықтар / Аймақтар 02 сәуір 2018 ж.

Шиеліде жұмыс берушілер 47 бос жұмыс орнын ұсынды

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «KYZYLORDA-NEWS.KZ».
Шиелі ауданында мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен мұндай жәрмеңке бірінші рет өткізілуде.
Бос орындар жәрмеңкесі мемлекеттік органдар мен жеке мекемлерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік береді.
Шараға жұмыс беруші ретінде аудан әкімдігінен 11 бос лауазым, білім саласы бойынша 6 лауазым, балабақшалар бойынша 11 лауазым, жеке секторлар бойынша 12 лауазым және 7 лауазым басқа салалардан ұсынылды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысуға әлеуметтік жұмыс орындарынан 5 мекемеден, қоғамдық жұмыстан 4 мекемеден, «жастар тәжірибесі» бойынша 2 мекемеден ұсыныс түсті.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание