Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Қытайдың 8 тонналық «тяньгун-1» стансысы жерге құлады
Жаңалықтар / Әлемде 02 сәуір 2018 ж.
фото: ru.publika.md

Қытайдың 8 тонналық «тяньгун-1» стансысы жерге құлады

Қытайдың алғашқы «Тяньгун-1» ғарыш зертханасы («Аспан сарайы - 1») дүйсенбі күні шамамен сағат 08:15-те Тынық мұхитының орталық айдынында Жер атмосферасына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ғарыш зертханасының көп бөлігі атмосфераның тығыз қабатында жанып кетті. Бұл туралы Қытайдың басқарылатын ғарыштық ұшырылымдар бағдарламасының кеңсесінен хабарлады.
Зертхананың салмағы сегіз тонна, сондықтан ол авиацияның қызметіне немесе Жердің бетіне зиян келтірмейді. «Тяньгун-1» атмосфераға кірген кезде толықтай қирап, жанып кетеді, ал Жерге тек оның болар-болмас бөлігі түсуі мүмкін. Сонымен қатар, оның салмағы жеңіл болғандықтан, қалдықтарының жылдамдығы баяу болады.
«Тяньгун-1» 2011 жылдың 29 қыркүйегінде ұшырылған еді және 2016 жылдың наурызында өз қызметін аяқтағаннан кейін қолданыстан шығарылды.
Зертхана орбитада болған кезде оған «Шэньчжоу-8», «Шэньчжоу-9» және «Шэньчжоу-10» қытайлық ғарыш кемелері сәтті түйістірілген болатын.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание