Жеңіс тұғырынан көрінген жас дарын
Жаңалықтар / Қоғам 03 сәуір 2018 ж.
фото: kyzylorda-news.kz

Жеңіс тұғырынан көрінген жас дарын

Қостанай қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндерінен республика бойынша үздік деп танылған оқушылар арасындағы зияткерлік сайыс. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері ретінде оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибеліқ іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаға іріктеу және даярлау, деп хабарлайды «KYZYLORDA-NEWS.KZ».
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан, «Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру ғылыми-практикалық орталығынан шыққан барлығы 602 оқушы қатысты.
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Бахытжан Даниярбек Құқық негіздері пәнінен жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола медаль мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дипломына ие болды.
Даниярбектің жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Нұркен Абджалиевті де кезекті жеңісімен құттықтай отырып, дарынды шәкірттерді тәрбиелей беруіне тілектестігімізді білдіреміз!

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание