Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін арттырды
Жаңалықтар / Қоғам 18 сәуір 2018 ж.

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін арттырды

2018 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін арттырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«2018 жылдың 1 тоқсанында мұнай және конденсаттың мөлшері 22,4 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға және осы жылдың алғашқы тоқсанына көзделген жоспардан 2 пайызға артық. Ірі үш жоба бойынша мұнай өндірісінің көрсеткіші 13,5 миллион тоннаны көрсетті. Атап айтқанда, Қашаған кен орнында өндіріс 2,9 млн тоннаға, Теңіз кен орнында 7,4 млн тоннаға, Қарашығанақта 3,2 млн тоннаға жетті», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов бүгінгі Үкімет отырысында.
Оның келтірген мәліметіне сәйкес, осы жылдың алғашқы үш айында 18 миллион тонна мұнай экспортталған. Қайта өңделген мұнайдың мөлшері 3,9 млн тоннаны құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен 9,4 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін өндіру мөлшері 2,8 млн тоннаға жеткен.
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание