Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады
Жаңалықтар / Қоғам 18 сәуір 2018 ж.

Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

«Қазгидромет» РМК 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында қатты жел соғып, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ, солтүстікте көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ болуы мүмкін.
Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді. Атырау облысында шаңды дауыл соғады.
Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан. Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тқман түседі.
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание