Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Алаш ардақтысы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Жаңалықтар / Аймақтар 18 сәуір 2018 ж.

Алаш ардақтысы туралы деректі фильм жарыққа шықты

Жалағаш жұртшылығы Алаш ардақтысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай туралы деректі фильмді тамашалады деп хабарлайды QyzylordaTV. «Ардағы еді түркінің» атты құнды қазынаның авторы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкілдүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбеков.
Тәуелсіздік алып, азаттықтың ақ таңы атқалы өшкеніміз жанып, өткеніміз жаңғырып, тарихтың «ақтаңдақ» беттері ашылып, шындыққа бет бұрдық. Елбасы осы орайда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, өлке тарихын зерттеп, танымал тұлғаларды насихаттау, олардың өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етуді тапсырды. Қарымды қаламгер, Бүкілдүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбеков осы мақсатта Мұстафа Шоқай туралы деректі фильм дайындап, көрерменге ұсынды.
Доқтырхан Тұрлыбеков Түркі халқының даңқты күрескері, Алаш ардақтысы туралы деректі фильмді дайындауға жиырма жылын арнапты. Нәтижесінде, көп жерде жазылып, айтыла бермейтін тың деректер мен дәйектер тауып, саяси қайраткердің жан жақты қырын аша түсті. Мәселен, Мұстафа Шоқай Ұлы Отан соғысы кезінде 140 мыңнан астам түркі тілдес халықты тұтқыннан босатып, аман алып қалған.
Фильмде Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны, қызмет жолы, елдік жолында атқарған ерен істері түгел баяндалады. Бұл әрине, өскелең ұрпақ үшін өнегелі іс. Түркі әлемінің көсемі, Алаш қайраткері туралы әлі де айтылмаған деректер жетерлік. Себебі, Мұстафа Шоқай жіті зерттеуді қажет ететін тау тұлға. Айта кетейік, «Ардағы еді түркінің» атты деректі фильм алдағы уақытта түркі тілдерімен қатар орыс, ағылшын, испан тілдеріне аударылмақ.

Ұқсас жаңалықтар:

  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание