Барлық жаңалықтар

Барлығын оқыңыз
Алты алаштың шайыры
Жаңалықтар / Аймақтар 18 сәуір 2018 ж.

Алты алаштың шайыры

Облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Сыр сүлейі, жыр өнерінде өзіндік дара жолын қалыптастырған ақын Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналған «Алты Алаштың шайыры...» атты облыстық жыр фестивалі өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ата-бабамыздың тұнық судай сақтап келген өнері мен мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы ауданының әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға белгілі жыршы-жыраулар қатысты.
Атап айтсақ, айтулы жыр мерекесінде Сыр еліндегі белгілі жыраулар Бидас Рүстембеков, Берік Саймағамбетов, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Айдос Рахметов, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен және жас буын жыршылар көрермен қауымды жырмен сусындатты.
Жыр кешін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов жүргізді.
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание
  • Описание