kk ru
kk ru
Responsive image
Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
Жаңалықтар / Аймақтар 05 тамыз 2018 ж.
kyzylorda-news.kz

Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

2018 жылғы шілдеде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 24 441 теңгені құрады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылғы шілдені өткен аймен салыстырғанда 3,5%-ға төмендесе, 2017 жылғы желтоқсанмен – 2,9%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,2%, жемістер мен көкөністерге – 11,3%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9,8%, нан және жарма өнімдеріне – 7,4%, май және тоң май өнімдеріне – 3,9%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,4%, балыққа – 2,0%-ды құрады.