kk ru
kk ru
Responsive image
Діни басқарма Қазақстандағы Құрбан айт намазының уақытын жариялады
Жаңалықтар / Қоғам 19 тамыз 2018 ж.
muslim.kz

Діни басқарма Қазақстандағы Құрбан айт намазының уақытын жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт намазының басталатын уақытын белгіледі. 2018 жылдың 21 тамызы – Құрбан айттың бірінші күні.

ҚМДБ хабарлағандай, Құрбан айттың бірінші күні  2018 жылдың 21 тамызына дәл келіп тұр.  

Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты төмендегідей:

Астана қаласы — 07:00; Алматы қаласы — 07:00; Алматы облысы — 07:00; Ақтөбе — 07:00; Ақмола — 07:00; Атырау — 07:30; Ақтау — 07:15; БҚО – 07:15; Жамбыл — 07:00; Қарағанды — 06:30; Қостанай — 08:00; Қызылорда — 07:30; Шымкент — 07:00; Талдықорған — 07:00; Павлодар — 07:00; ШҚО — 07:00; СҚО — 07:00; Семей – 07:00; Жезқазған – 07:00; Түркістан облысы — 07:00.

Айта кетейік, Құрбан (араб тілінде) "жақындау" деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.