kk ru
kk ru
Responsive image
Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады
Жаңалықтар / Қоғам 06 қыркүйек 2018 ж.
© Sputnik / Антон Денисов

Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады

Алматы мен Астана қалаларындағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 375-376 теңгеден сатылып жатыр.

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Бүгін өткен Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясынан кейін доллардың орташа бағасы 371,80 теңгеге тұрақтады, деп хабарлады sputniknews.kz.

Өткен күнмен салыстырғанда ұлттық валюта 2,48 теңгеге арзандады.

Ең төмен курс 370,60 теңге, ал ең жоғары курс 372,16 теңгені құрады. Нәтижесінде сессия кейінгі бағамен жабылды.

Валютаға қатысты 256 келісім тіркелді. Кurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы мен Астана қалаларының ақша айырбастау пунктілері долларды 375-376 теңгеден сатып жатыр.

ҚР Ұлттық банктың ресми бағамы бір доллар үшін 369,89 теңгені құрады.