kk ru
kk ru
Responsive image
Футболдан өткізілген аудан біріншілігі өз мәресіне жетті
Жаңалықтар / Аймақтар 06 қыркүйек 2018 ж.
qyzylorda.info

Футболдан өткізілген аудан біріншілігі өз мәресіне жетті

Биыл төрт айға созылған аудан біріншілігіне тоғыз команда қатысты.

ҚЫЗЫЛОРДА, 6 қыркүйек — Qyzylorda INFO. Əйтеке би кентіндегі "Жалаңтөс батыр" атындағы орталық стадионда футболдан өткізілген аудан біріншілігі өз мәресіне жетті, бұл туралы qyzylorda.info Қазалы ауданының әкімдігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Совет Бабанаев қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев пен Қазалы аудандық футбол федерациясының президенті Ф.Қожабергенов біріншіліктің төрешілері мен үздіктерін марапаттады. 

Үздік деп танылған ойыншыларға арнайы естеліктер мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Жарысқа ауданымызға белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры Нұртай Аманов демеушілік жасады. 

Аталмыш біріншілікте жүлделі ІІІ орын алған «Достық» командасына «РЗА-агро» ЖШС директоры Н.Имандосовтың 150 мың теңге қаржылай сыйлығы тапсырылды. Мұнымен қоса, ІІ орынға тұрақтаған «Энергомера» командасы «Энергомера» ЖШС директоры Б.Мұқашовтың 150 мың теңге қаржылай сыйлығымен марапатталды. Ал, қарсаластарына дес бермей, жеңіс тұғырынан көрініп, аудан біріншілігінде І орынды жеңіп алған «Намыс» командасына аудандық футбол федерациясының 150 мың теңге қаржылай сыйлығы, диплом және медальдары табыс етілді.

Сондай-ақ, оқыңыз:

Бөлісу: